Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқас өлімінің себебі айтылды  
Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқас өлімінің себебі айтылды  
Фото: Интернеттен алынды
132
оқылды
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан анықталды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды. Оның жіті бронхит диагнозы болды. Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланды. Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрды. 26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпитальдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды. Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өткізілді. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды. 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды. Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді. 6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталды.