Пошта арқылы өтетін Президент сайлауы шілде айына шегерілді
Пошта арқылы өтетін Президент сайлауы шілде айына шегерілді
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Польшада коронавирус пандемиясына байланысты 10 мамырға жоспарланған президенттік сайлау кейінге қалдырылды, – деп жазады 24.kz. Дауыс беру күні 12 шілдеге ауыстырылуы мүмкін. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі, тұрғындар өз таңдауын пошта арқылы жасайды. Сырттай дауыс беру туралы заң жобасын елдің Парламенті де қолдап отыр. Мемлекеттің қазіргі басшысы Анджей Дуда республикадағы сайлау жақын күндері өтетініне сенім білдірді. Айта кетейік, алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша үміткерлер арасында қазіргі президент көш бастап тұр. Бұған дейін экс-президенттер мен премьерлер пошта арқылы дауыс беруге  қарсы шыққан болатын. Оның қатарында бұрынғы премьер Дональд Туск та бар. Еурокомиссия да ел аумағындағы президенттік сайлаудың өту барысына алаңдаушылық білдірді.