Алматылықтар Мақтааралға 70 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті
Алматылықтар Мақтааралға 70 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті
156
оқылды
Су тасқынынан зардап шегіп, қиын жағдайға тап болған Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қолдау көрсетуден алматылықтар да сырт қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес апат болған аймаққа жан-жақты қолдау көрсетілуде. Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен бірнеше күн бойы гуманитарлық көмек жинақталды. Елбасымыздың бастамасымен іске асырылып жатқан «BizBirgemiz» акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен партияның Алматы қалалық филиалы тарапынан Түркістан облысында зардап шеккен азаматтарға 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде киім, төсек орындар, аса қажет азық-түлік, гигиеналық құралдар, ұн және тағы басқа заттар жіберілді.    width= Сонымен қатар Jas Otan еріктілері эвакуациялау пункттері мен азық-түлік, киім, төсек орындары, гигиеналық құралдарын тарату жұмыстарына қатысады. Аз уақыт ішінде көптеген алматылықтар, соның ішінде Nur Otan партиясының мүшелері және бей-жай қарамайтын тұрғындар шақыруға үн қатты.   https://www.youtube.com/watch?v=kjrlHApy19I Қайырымдылық қызмет ашықтықты, айқындық пен есеп беруді талап етеді. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып көмек көрсеткен азаматтар мен мекемелердің тізімі дайындалды. Атап айтар болсақ, олардың қатарында «Жаңа Алатау» қоры, «Metall Prom», «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Эйр Астана» Акционерлік қоғамы, кәсіпкер, партия мүшесі Мухтар Зулеев, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов және тағы басқалар бар.