Коронавирус: Қазақстанда індеттің екінші толқыны қашан болатыны белгілі болды
Коронавирус: Қазақстанда індеттің екінші толқыны қашан болатыны белгілі болды
© Tengrinews.kz
122
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Ұлттық орталық директорының айтуынша, аурудың екінші толқыны күздің екінші жартысында болуы мүмкін.
"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, бүкіл әлемде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - деді Дамир Көпжасаров Денсаулық сақтау министрлігі медиаорталығында өткен онлайн-брифингте.
Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандар адамдар санының көбею себебін айтты.