Эден Азар туралы сіз білмейтін деректер
Эден Азар туралы сіз білмейтін деректер
250
оқылды

Жақында ғана «Челсимен» Еуропа лигасын жеңіп алған Бельгия құрамасының лидері Эден Азар соңғы уақытта жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналды. Тұрақты, ерекше ойынымен көпшілік көңілін жаулаған аяқдопшы әлемдегі топ-футболшылардың көш басында тұр. Осы орайда Азар жайлы қызық деректер сериясын назарларыңызға ұсынбақшымыз.

Ағылшын тілінен аударғанда «hazard» сөзі «қауіп» деген мағынаны береді екен.

57331527_573759583127865_7985476131864097348_n.jpg

Ол пенальти орындаған кезде ешқашан допқа қарамайды.
 

1557477533_13314838-7012817-the_belgian_held_his_nerve_to_send_the_goalkeeper_the_wrong_way_-a-55_1557442229707.jpg

Азардың анасы да футболшы болған. Тіпті шабуылшы ретінде Бельгияның бірінші дивизионында доп тепкен. Бірақ Азарға жүктіліктің үшінші айында карьерасын аяқтаған. Әкесі де кәсіпқой деңгейде футбол ойнаған. Өзінен кейінгі інісі Торган Азар қазір «Боруссия Менхенгладбах» командасында ойнап жүр.
 

243c8b.jpeg

Эден Солтүстік америкалық футбол лигасына қатысатын «Сан-Диего 1904» клубының иелерінің бірі. Аталған лига АҚШ-тағы MLS-тан кейінгі екінші деңгейде саналады. «Челси» жартылай қорғаушысы аталған клубтың акциясын әйгілі Демба Ба, Йоан Кабай және Мұсса Соу секілді ойыншылармен бірге сатып алған.
 

57568597_383088225868537_3537180268307479410_n.jpg

Мықты ойыншы болғанына қарамастан Азар гол соғуға аса құштар емес. Ол көбіне әріптестеріне пас асырып, өзгелердің гол соғуына көбірек мүмкіндік жасайды. Сондықтан бір маусымда ары кетсе 15-20 гол ғана салады. АПЛ-да өткізген 7 жыл ішінде футболшы өзінің таза гол соғатын 35 мүмкіндігін жіберіп алған.
 

26272059_390177001403709_516476723651411968_n.jpg

Футболшы америкалық баскетболдың жанкүйері. Әсіресе, «Нью-Йорк Никс» командасы мен ондағы Кармело Энтони атты ойыншыны ерекше жақсы көреді. Футболшы қолы қалт етсе НБА ойындарына барып тұрады.
 

eden39_1468303544.jpg

Ол өзінің бала махаббаты Наташа Ван Хонакерге үйленген. 14 жастарында танысқан жұп 2012 жылы шаңырақ көтеріпті. Ерлі-зайыптылардың Яннис, Сэми және Лео есімді балалары бар.

Жақын күндері футболшы мадридтік "Реалға" ауыспақ.