Жақын арада коронавирустан сауыққандар ауырғандардан арта түседі
Жақын арада коронавирустан сауыққандар ауырғандардан арта түседі
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров коронавирус бойынша алдағы уақытқа оптимистік болжам жасады. «Індетке шалдыққандарды емдеудің орташа кезеңі 16-17 күн. COVID-19 пациенттерінің саны іліспе аурулардың болуына қарай артуы мүмкін», - деді ол онлайн брифинг барысында. Оның сөзіне қарағанда, індетке шалдығу өсімінің қарқыны тұрақты түрде төмендеп келеді, оның көрсеткіші орташа есеппен 3-4 пайыз. «Бүгінде 1500-ден астам адам емделіп шықты, үш мыңға жуығы ем-дом қабылдап жатыр. Біздің орталықтың болжамына сәйкес, жақын арада ауырғандарға қарағанда емделгендер саны арта түседі. Бұл өз кезегінде емдеудің оңтайлы қарқыны жүріп жатқанын, сондай-ақ инфекцияның таралуы төмендеп жатқанын байқатады», - деді орталық директоры.