«Реал» Йовичтің трансфері туралы ресми жариялады
«Реал» Йовичтің трансфері туралы ресми жариялады
223
оқылды

Сербиялық футболшыға төленген трансфер құны әзірге белгісіз

Мадридтік «Реал» аз уақыт бұрын ғана «Айнтрахт» клубының шабуылшысы Лука Йовичтің корольдік клуб сапына өткенін ресми хабарлады.

Сербиялық футболшыға төленген трансфер құны әзірге белгісіз. Бұған дейін ол қаржы шамамен 60-70 миллион еуро көлемінде деп айтылған.

Биылғы маусымда жас футболшы Бундеслига мен Еуропа лигасындағы 36 матчта 27 гол соқты.

Жас футболшы туралы бұған дейін газетімізде кең көлемді мақала жарияланған болатын.