Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар үйде емделеді - Біртанов
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар үйде емделеді - Біртанов
© inform.kz
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індеті симптомсыз ауруларды емдеу тәсілі туралы айтып берді. «Біз бүгінге дейін симптомсыз ауруларды ауруханаға жатқызып, оларды бақылау бойынша тактиканы ұстанып келдік. Бастапқы кездерде біз оларды емдеп те жүрдік», - деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, кейіннен халықаралық нұсқауларды ескере отырып, емдеу протоколдары өзгертілді. «Індетті емдеудің нақты әрі толық әдістері болмағандықтан, халықаралық ұйымдардағы әріптестеріміз симптомсыз жағдайларды емдемеуге кеңес берді. Сондықтан біз оларды ауруханаға жатқызып, тек бақылап жүрдік. Қазір тәсілдерді өзгертіп жатырмыз», - деді министр. Алайда қазір министрлік емдеу протоколын өзгеруге шешім қабылдады.  Енді симптомсыз аурулар ауруханаға жатқызылмайды
«Олар үйінде емделуге жағдай болса, үй карантиніне немесе  карантиндік стационарларға жіберіледі, тек ауруханаға жатқызылмайды», — деді Біртанов.