Әуе көлігі жолаушылары үшін ақылы тестілеу шаралары өзінің нәтижесін беріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. «Ұшақпен сапарлауды таңдаған жолаушылар арасынан аурудың жасырын белгілері анықталды. Сондықтан тестілеу шаралары керек деп санаймыз. Кеше бір жағдай тіркелді. Ақылы тестілеу аясында осы аптада 10-ға тарта індет жұқтырған адамды анықтадық», - деп атап өтті Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, тәулігіне еліміз бойынша 15 мың тест жасалады. Тестілеу нәтижесінде инфекцияның таралып жатқандығы көрініп отыр. Статистика көрсетіп тұрғандай, 85 пайызы – ол жеңіл және симптомсыз жағдай. «Барша аурулардың жартысына жуығы - симптомсыз. Бұл адамдар ауырмайды, өздері емделеді. Алайда олар ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін», - деді Е. Біртанов.