Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық үшін қандай вакциналар сатып алынып жатқаны туралы айтып берді. «Эпидемия мен індет жұқтыру жағдайында халық инфекцияға қарсы шараларға, профилактика айрықша назар аудара бастады. Оның ішінде вакциналау тақырыбы ерекше талқыланды. Вакциналау әлемнің көптеген елдерінде бірқатар инфекцияға қарсы жүргізіледі. Дәрігерлердің пайымынша, бұл міндетті вакциналау өзінің оңтайлы нәтижесін беріп келеді. Біз тек өзінің тиімділігін дәлелдеген вакциналарды сатып аламыз және олар сапа тұрғысынан қатаң қадағалаудан өткен», - деді министр «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, пандемия салдарынан емханаларға барғандар саны азайды. «Дегенмен, биылдың бірінші тоқсанында 1 миллионнан астам адам вакцина алды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда біршама төмен, алайда жылына 4 миллионға жуық адамды вакциналаймыз. Бірінші тоқсанда екпеден бас тартқандар саны 700 адамнан аспайды», - дед Е. Біртанов.