Атырау мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды
Атырау мен Петропавлда ауа сапасы нашарлайды
© Сурет ғаламтордан
143
оқылды
«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты. Атап айтқанда, синоптиктердің мәліметінше, 9 мамыр күні ауа сапасы екі қалада - Атырау және Петропавлда нашарлайды. Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.