Кенесары көшесі уақытша жабылды
Кенесары көшесі уақытша жабылды
247
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 10 мамырға дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Бас қаланың тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек. «Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз» делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратында.