Алматы және Түркістан облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алматы және Түркістан облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: @lenta.inform.kz
5,238
оқылды
9-11 мамыр аралығында Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы маңында жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды «Казгидромет» РМК орталығы. Синоптиктер еліміздің сегіз аймағына ескерту жариялаған болатын. 9 мамырда Атырау облысында жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. БҚО-да күн күркіреп, бұршақ жауады. Маңғыстау және Қарағанды облыстарында да күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман. Қарағанды және Жезқазғанда бүгін желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Түркістан облысы мен Шымкентте нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауады, секундына 15-20 метрден соғатын жел екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін. Ақмола облысы мен СҚО да секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні кей жерлерде секундына 15-20, күндіз 23 метрге дейін жетеді.