Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қалтаны толтыруды білеміз ал сақтыққа неге салғыртпыз?

Әдебиет ЖҰМАН
Маусым 5, 2019
Әлеумет
1
қаралым

Қалтаны толтыруды білеміз ал сақтыққа неге салғыртпыз?

Үш ай жаз – балаларға қуанышты күндер сыйлайтын уақыт. Мектептегі соңғы қоңыраудан кейін, біреуі ауылдағы ата-әжесіне асықса, дала баласы қалаға жүгіреді. Бұл – ұмытылмас сәттер сыйлайтын кезең. Дегенмен ата-ананы уайымға салып қоятын да маусым…

Баласы далаға шықса, әке мен шеше тақымын қысқан за­ман болды. Әйтпесе, жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Біз де бала болғанбыз. Ойын де­ген­де қауіп-қатерді ұмы­тып, тереңге сүңгіп, қиранды жерлерде асыр салып, небір қызыққа кенеліп кететінбіз.

Соңғы қоңырау соғылып, мәре-сәре болып жатқан 25 мамыр күні Қарағанды қала­сындағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қайғылы оқиға орын алды. Қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аудары­лып қалған. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза тапты. Қуанып барған бала әке-шешесіне қайғы жұтқыз­ды. Ал 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жара­қатпен аурухананың жан­сақтау бөліміне түскен…

Негізіне көшсек, көшеге, саябаққа үрлемелі аттракцион орнату үшін рұқсатты әкімдік береді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда орталықтарының аумағында мұндай аттракцион екі шаруа­шылық субъектінің жалдау келісімшарты негі­зінде орнатылады. Осындайда заңды сұрақ туындайды. Неге рұқсат берген мекеме орна­тыл­ған батут немесе ойын алаңдарындағы басқа да құрылғыларға жете бақылау жасап, орнатқан уақытта оның қауіпсіздігіне назар аудармайды? Әлде, болды, ақша қалтаға түсті, «іс бітті, қу кетті» деп қоя салуымыз керек пе? Неге біз осы «жау кеткен соң қылышты боққа шауып», кінәліні іздеп шарқ ұрумен шектелеміз? Кінәлі адам жазаланар, бірақ қаза тапқан баланың орны тола ма? Мүгедек болып қалған балалар бұрынғыдай қуанып, жердің шаңын шығарып жүгіре ме?..

Ал Төтенше жағдайлар комитеті болса, қайғылы оқиға орын алғаннан кейін ғана қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға қатты жел кезінде балалардың көшедегі батутта ойнауын шектеу керегін ескерткен. Мұны қалай түсінеміз?

Сондай бір салғырттық сал­дарынан, апта өтпей жа­тып, 1 маусым – Халықа­ралық балаларды қорғау күні қар­саңында Семей қала­сын­дағы Ертіс жағалауында әт­кен­шек құлап, тағы да 5 бала зардап шекті. Тағы да сол тек­­серу комиссиясы оқиға орын алған соң ғана құрыл­ған.

Дәрігерлер 4 баланы ауру­ханаға жеткізді. Кейін зардап шеккендер үйлеріне жіберіл­ді. Тағы бір бала жеңіл жара­қат алып, ауруханаға барудан бас тартқан. Бұл әткеншек те Қарағандыдағы «қанды батут» сияқты жеке кәсіп­кер­ге тиесілі екен.

Өткеннен сабақ алар біз бе? Содан кейін «Қостанайда үрлемелі батут ұшып кетті» деп хабарланды. Жантүрші­гер­лік оқиғаның видеосын жер­гілікті «Алау» сайтының редакциясына оқырмандар жолдапты. «Шамамен 20:30 кезінде болды. Қатты жел со­ғып, батут ұшып кетті. Ішінде балалар жоқ екен қайта. Бұл не сұмдық өзі?» деп хабарлады қала тұрғыны», – дейді алау­лық­тар. Куәгер бұл жайтты терезеден видеоға түсірген. Оқиға «Аэропорт» шағы­нау­да­нында болған көрінеді.

Бізде осы ақшаның буы сақтықты ұмыттырды. Әйт­пе­се, болып жатқан жайлар­дан сабақ алар уақыт жетті ғой. Орнатылған батут бол­сын, әткеншек немесе басқа да ойын алаңдарындағы бала­ға қуаныш сыйлар дүние­ле­рі­міз көңілге күлкі емес, қор­қы­ныш табын қашанғы ұялатады?!

Осындайда жалпақ жұрт­қа жар салушы балалар құқы­ғын қорғаушылар қайда қа­рай­­ды? Кәсіпкерлер мен жа­уап­­ты орындарды неге тезге салмайды?

Әр кәсіпкер қалта қамын емес, бірінші кезекке бала өмі­рін неге қоймайды? Сұрақ көп, оған мардымды жауап болса.

«Бала – бауыр етің». Олай болса, алдағы үш айда оларға тек қуанышты күндер сый­лайық!

 
Тегтер: балаларға қуанышты күндердемалыс саябағыҚалтаны толтыруды білеміз ал сақтыққа неге салғыртпыз?үш ай жаз
Алдыңғы жаңалық

Абайдың атқа міну мәдениеті

Келесі жаңалық

Қаруды таратпау тәртібіне қауіп төнді

Ұқсас жаңалықтар

квест
Әлеумет

Көкшетаулық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

Қаңтар 26, 2021
карантин, төбелес, Көкшатау
Жаңалықтар

Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Қаңтар 26, 2021
жайылым, жер, Қасым-Жомарт Тоқаев,
Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай отыр – Тоқаев

Қаңтар 26, 2021
астана, газ, түтін, Алтай Көлгінов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

«Түтінге тұншықпай тығырықтан шығу керек» – Президент Көлгіновке тапсырма берді

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» ойыншысы бесінші мәрте «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды

Қаңтар 27, 00:50

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қайрат

«Қайрат» ойыншысы бесінші мәрте «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды

Қаңтар 27, 2021
Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»