Мақтааралдықтарға 100 мың теңгеден беріледі – Тоқаев
Мақтааралдықтарға 100 мың теңгеден беріледі – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
125
оқылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл жаңалықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы жеткізді. «Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда. Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.