Германия – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жауапты жалғыз ел. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Хайко Маас тарихшы Андреас Виршингпен бірлесіп жазған «Тарихсыз саясат жоқ» мақаласында мәлімдеді, ол Spiegel-де жарияланды. Маас Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай, әлемге ревизионизм қаупінен аулақ болу керегін түсіндірді. «Германияның өткені ревизионизм қаупін көрсетеді, себебі ұлттық мифтер рационал ойлаумен алмасқан. Сондықтан қандай да бір моральдық басымдыққа емес, біз, немістер, шабуылдаушылар зардап шегушілерге айналуына, ал құрбандар қылмыскер болуына қарсылық танытуымыз керек», – деп жазылған мақалада. Мақала авторлары Германия ұлтшыл диктатурамен күрескендердің барлығына риза екенін білдірді.