ДДСҰ Африкаға ескерту жасады
ДДСҰ Африкаға ескерту жасады
Фото: Интернеттен алынды
213
оқылды
Мадагаскарда жергілікті өсімдіктерден жасалған сусын Африкада COVID-19-ға арналған «дәрі» ретінде тарап жатыр, – деп хабарлайды REUTERS. Өткен айда Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина осы сұйықтықты баспасөз конференциясында ішіп, одан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған екі адам емделгенін айтқан болатын. COVID-19 Organics деп аталатын безгекке қарсы қасиеттері бар Artemisia annua өсімдігінің негізіндегі тоник қандай да бір халықаралық ғылыми сынақтардан өтпеген. Радзуэлина оны асыра мақтаған соң, ДДСҰ дәріні тексеру қажет екенін ескертті. Ақпарат бойынша, сусынды Мемлекеттік малагасий қолданбалы зерттеулер институты әзірлеген. Бүгінде оның мыңдаған дозасы Танзания, Экваторлық Гвинея, Орталық Африка Республикасы, Конго Республикасы, сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы, Либерия және Гвинея-Бисауға тегін тарап үлгерген. Президент әкімшілігінің заң жөніндегі кеңесшісі Мадагаскар бұл сусынды ішкі нарыққа шығаратынын айтты. Оның бір бөтелкесі шамамен 40 АҚШ центі тұрады. Басқа Африка елдерінің басшылары тапсырыс рәсімдеп жатқандарын мәлімдеді. ДДСҰ Artemisia annua-дан алынған қосылыстар безгекті емдеуде тиімді болғанымен, аурудан сауықтыра алмайтынын ескертті.