АҚШ-тың 11,3 млрд долларға бағаланған көмегі қандай еді?
АҚШ-тың 11,3 млрд долларға бағаланған көмегі қандай еді?
©А.Ахметқазы
429
оқылды
Екінші жаһандық соғыс кезінде АҚШ фашистік Германияға қарсы соғысқан елдерге көмектесу актісі ретінде «Ленд-лиз» бағдарламасын жүзеге асырған. Оның ішінде Кеңес Одағына да қару-жарақ, техника және стратегиялық шикізат берген. Шарт бойынша ұрыста жойылған қару мен материалдың ақысы төленбейді. Соғыстан кейін қолда қалған және азаматтық мақсатқа қажет мүлік ұзақ мерзімді несие арқылы қайтарылуы керек еді. Айта кетейік, КСРО-ның тікелей мұрагері саналатын Ресей «Ленд-лиз» қарызынан әлі құтылған жоқ. [caption id="attachment_42342" align="alignnone" width="1024"]«Ленд-лиз» бағдарламасы арқылы КСРО-ға жеткізілген америлық R-39 Aerocobra ұшағы «Ленд-лиз» бағдарламасы арқылы КСРО-ға жеткізілген америлық R-39 Aerocobra ұшағы[/caption]
Сонымен, Американың Кеңес одағына жөнелткені: 400 мың джип пен жүк көлігі: 14 мың ұшақ; 8 мың трактор; 13 мың танк; 1,5 млн дана көрпе; 15 млн әскери аяқкиім; 107 мың тонна мата; 2,7 млн тонна мұнай өнімдері (ұшақ, жүк көлігі мен танкінің жанармайы).
[caption id="attachment_42343" align="alignnone" width="1024"]«Харрикейн» ұшағын сынақтан өткізген кеңестік бригада. Бұл ұшақтар да КСРО-ға «Ленд-лиз» бойынша берілген «Харрикейн» ұшағын сынақтан өткізген кеңестік бригада. Бұл ұшақтар да КСРО-ға «Ленд-лиз» бойынша берілген[/caption] Сондай-ақ америкалықтар КСРО-ны винтовка, аммуниция, оқ-дәрі, мыс, болат, алюминий, дәрі-дәрмек, дала радиобекеті, радар, кітап және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз еткен. Жалпы, АҚШ-тың Кеңес Одағына аттандырған көмегін ақшаға айналдырсақ, 11,3 млрд доллар шығады (қазіргі бағаммен есептесек, 200 млрд долларға жуық). [caption id="attachment_42344" align="alignnone" width="1024"]Кеңес Одағына «Ленд-лизбен» әкелінген америкалық «Генерал Ли» танкілері Кеңес Одағына «Ленд-лизбен» әкелінген америкалық «Генерал Ли» танкілері[/caption] 1943 жылы Тегеран конференциясында салтанатты тост көтерген Сталин: «Америка Құрама Штаттары – машиналар елі. «Ленд-лиз» арқылы әкелінген ол машиналарсыз біз соғыста жеңіліс табар едік», – деп ашық мойындаған. [caption id="attachment_42345" align="alignnone" width="1024"]КСРО-да америкалықтар аттандырған әскери жүк көліктері Иранның шығысындағы жолда аялдап тұр КСРО-да америкалықтар аттандырған әскери жүк көліктері Иранның шығысындағы жолда аялдап тұр[/caption] [caption id="attachment_42350" align="alignnone" width="1024"] width= Фото ашық дерекөзден алынды[/caption] [caption id="attachment_42346" align="alignnone" width="1024"]София тұрғындары америкалық «Валентайн» (Valentine) танкілерімен Болгария астанасына кірген кеңес сарбаздарын қарсы алып тұр София тұрғындары америкалық «Валентайн» (Valentine) танкілерімен Болгария астанасына кірген кеңес сарбаздарын қарсы алып тұр.[/caption]

Еркебұлан Нұрекеш