Мектеп түлегіне көрсетілген құрмет
Мектеп түлегіне көрсетілген құрмет
166
оқылды

«Ұлы дала қыраны» кітабы бір­не­ше бөлімді қамтыған. Алғаш­қы бө­лімде Әділ Шаяхметұлының қа­таң тәртіп пен адал қызметіне құ­рыл­­ған өмір жолы жазылса, қалған бө­лімдерде мектеп-интернат ұстаз­да­рының шәкірті жайлы естелік­тері, оқушылардың арнау өлеңдері мен ғибратты өмір тарихынан сыр шертер суреттер берілген.

Айтулы іс-шараға генерал-пол­ков­ник Сәт Тоқпақбаев, қоғам қай­раткері Шәмша Беркімбаева, Қазақ­стан Генералдар кеңесінің төра­ғасы, әділет генерал-майоры Рүс­тем Қайдаров, ҰҚК Алматы қала­сы бойынша Ардагерлер кеңе­сінің төрағасы, полковник Әбді­мәлік Райымқұловтар, соны­мен қатар Орынша Қарабалина-Қазыбаева, Гүлжауһар Жексембина сынды ұстаздар, азаматтың отбасы, туыстары мен құлын-тайдай бірге өскен сыныптас достары және әріптестері жиналды.

Әділ Шаяхметовке арналған кабинеттің ашылуының лентасын кесу рәсімін Сәт Тоқпақбаев пен Орынша Қарабалина-Қазыбаева жасады. Сонымен қатар «Ұлы дала қыраны» атты кітаптың тұсау­ке­серіне салтанатты жиын өтті.

«Әділ Шаяхметов ҰҚК-де ұзақ жыл бойы мінсіз қызмет етіп келеді. Бұл – еліміздің қауіпсіздігін, шека­ра­ның берік болуын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Өзінің қажыр­лы еңбегінің, ізденімпазды­ғы­ның арқасында ол қатардағы қызметкерден бастап ҰҚК төраға­сы қызметін атқарды. Генерал-лейтенант шенін иеленді. Әділ Шаях­метұлының жоғары деңгей­де­гі мемлекеттік қайраткер дәреже­сі­не жетуі – оның білімінің терең­дігі мен дайындығының жоғары деңгейде болғанының арқасы», – деген генерал-полковник Сәт Тоқ­пақ­баев осы шараны ұйымдас­тыр­ған мектеп-интернат дирек­то­ры Роза Ербозымқызына, игі істерге ат­салысқан оқытушылар мен оқу­шы­ларға да ризашылығын білдірді.

«Әділ Шаяхметов осы мектепке ылғи келіп, ондағы іс-шараларға қатысады. Оқу орны­ның барлық өзекті пробле­масын біледі. Оны шын пейілімен шешуге көмек­те­седі. Түрлі іс басында жүрген азаматтар тура осындай болса, ұлтымыздың тіні берік болар еді.

Әділ Шаяхметов ауылындағы мектебіне күрделі жөндеу жұмыс­тарын жасауға, спорт кешенін салғызуға ықпал етті. Бұл мектепке де қамқорлығын көрсетуде. Ұстаз­дарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан жан. Осындай азамат­тардың қатары көбейіп, жастарға қамқорлық көрсетсе еліміздің де дәулеті көтерілетін еді», – деді қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева.

Біз өнегелі өмір жолында елге зор еңбек сіңіріп, көптің құрмет-қошеметіне бөленген Әділ Шаяхметұ­лын да әңгімеге тарттық.

«Бұл мектепте күнделікті сабақпен қатар әскери дайындыққа, спортқа үлкен көңіл бөлінеді. Түлектерінің көбі мемлекеттік қызметтерде, бизнесте, БАҚ-та, өнерде жүр. Мектепте Қамқоршы­лар кеңесі құрылған. Кезінде бізді білім нәрімен сусындатқан Орын­ша Қарабалина-Қазыбаева апайы­мыз бастаған ұлағатты ұстаз­дарымыздың біразы бүгінде зейнет демалысында. Мектеп тыны­сымен үнемі танысып отыра­мын. Білім ордасында ұстаздардың ұйғаруы­мен атыма арнап әскери дайындық сыныбын ашып, «Ұлы дала қыраны» кітабын шығарғаны мен үшін өте үлкен құрмет», – дейді генерал-лейте­нант Әділ Шаяхметов.