Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Ресей  президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Интернеттен алынды
143
оқылды
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады. Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңызын атап өтті. Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.