Көңілді концерт
Көңілді концерт
246
оқылды

Балалар мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Жетісу саябағында Қазақ радиоларының ұйымдастыруымен «Бала – болашағымыз» атты концерт өтті. Кеште радио журналистері мен эстрада әншілері өнерлі балалармен ән шырқады.

Белгілі журналист Құрманбек Жұмағали басқарып отырған Қазақ радиолары осы уақытқа дейін әр мерекеде түрлі шара өткізіп, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүргені белгілі. Аталған шара да сол игі дәстүрдің жалғасы болды.

Кешті радио журналист Бағдагүл Рахметқызы мен «Сөз мерген» медиа студиясының оқушысы Нұрасыл Қабжілманапов жүргізді.