Франция парламенті елде төтенше жағдай режимін шілденің 10-ына дейін ұзарту керек деген заң жобасын мақұлдады. Бұған аймақта коронавирустың кең етек жаюы себеп болған. Құжат Франция сенатында дауысқа салынған еді. Оны 252 парламент мүшесі қолдаса, 87 депутат қарсы шықты. Айта кетейік, Францияда Үкіметі төтенше жағдай режимі кезінде парламентпен ақылдаспай-ақ әлеуметтік қозғалысты шектеп, кейбір кәсіпорындарды жауып немесе коменданттық сағат орнатуы мүмкін. Аталған елде пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі наурыздың 24-і басталған болатын. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.