11-сынып оқушылары үшін ерте бастан грант жеңіп алуға мүмкіндік туды
11-сынып оқушылары үшін ерте бастан грант жеңіп алуға мүмкіндік туды
269
оқылды
«КАЗГЮУ» Университеті талантты жастарды қолдау мақсатында мектеп оқушылары арасында байқау жариялайды. Дағдарыс жағдайына байланысты көптеген ата-аналардың балаларын сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан «КАЗГЮУ» университеті «Мақсұт Нәрікбаев» атындағы қаржылай көмек тағайындап отыр. Бұл – биылғы жылғы мектеп түлектеріне Қазақстанның үздік оқу орындарының бірінде 4 жыл тегін оқуға мүмкіндік береді. Байқау нәтижесі бойынша 5 жеңімпаз анықталмақ. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: 15 мамырға дейін «Мен неге КАЗГЮУ-ді таңдадым? КАЗГЮУ неге мені таңдауы тиіс?» тақырыбында (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) эссе жазу, екінші кезеңінде «COVID-19 коронавирус пандемиясы нені үйретті?» тақырыбында презентация әзірлеу.  Қортынды кезеңде қашықтан сұхбат ұйымдастырылады. Конкурстың екінші кезеңі 2020 жылдың 30 мамырына дейін, үміткерлермен онлайн сұхбат 12 маусымға дейін өтеді. Жұмыстар https://scholarship.kazguu.kz/ ресми сайтындағы онлайн-форма толтыру арқылы жіберіледі. Бүгінде оқу орнында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын және дарынды жастарды қолдау мақсатында «Endowment KAZGUU» Қоры құрылған. Аталмыш қор соңғы үш жыл ішінде студенттерге 45 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, КАЗГЮУ-дің өзі өткен оқу жылында студенттерге материалдық қолдау ретінде 65 миллион теңгеден астам қаржы бөлді.