Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегі қашан өтеді?
Нурмагомедов - Гэтжи жекпе-жегі қашан өтеді?
фото: ашық дереккөз
UFC басшысы Дана Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпион америкалық Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жектің нақты қашан өтетіні таяуда белгілі болатынын айтты , – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, бүгін Джексонвиллде өткен UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жұдырықтасып, кездесуде Джастин Гэтжидің жеңіске жеткені хабарланған болатын. "Хабиб осыған дейін жазда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Келесі апта үйге оралған соң әрі қарай не болатынын көреміз, осы жекпе-жекті тезірек нақтылауға тырысамыз", – деді Дана Уайт.