Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Отандастар қорының» жұмысы талқыланды

Абылайхан ЖҰМАШ
Маусым 5, 2019
Саясат
9
қаралым

Елбасы «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының отырысына қатысты

Елбасы Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікірін айтты

Елбасы «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының отырысына қатысып жатыр

Елбасы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына» бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау және көмек берудің іс-шараларын анықтап берді. Осы шара­ларды атқару мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері жанынан құрылған қоғамдық комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік диаспоралық сая­сат­ты қалыптастыруда және отан­дас­тарға қолдау көрсетуде атқары­ла­тын шаралардың жүзеге асы­рылуы­на жан-жақты ықпал ету. Ал шет­тегі қандастарымызға байла­ныс­ты мемлекеттік саясаттың бас­ты бағыттары – шеттегі қандас­тары­мызды жан-жақты қолдау, Қа­зақстанға көшіп келген ағайын­дардың бейімделуіне көмек беру, мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.

Қоғамдық комиссия отырысын «Отандастар қорының» президенті Нұртай Әбіқаев кіріспе сөзімен аш­ты.

– Қоғамдық комиссия жұ­мы­сын бүкіл әлем қазақтарын тарихи және этникалық Отаны төңірегінде біріктіру идеологиясын негізге ала отырып, қазақ диаспорасына қа­тысты мемлекеттік саясатты қа­лып­тастыруға бағыттайтынына се­німдімін. Алдымызда үлкен мін­деттер тұр. Баршаңызды оларды шешу жолында бірлесіп қызмет ат­қаруға шақырамын, – деді ол.

Басқосуда «Отандастар қоры­ның» негізгі қызметі мен жобалары, сондай-ақ комиссияның ұйымдас­тырушылық шаралары талқылан­ды. Комиссия құрамының мүше­лері Түркітану және Алтай ғылы­ми-зерттеу орталығының дирек­торы С.Қаржаубай, Парламент Сенатының депутаты М.Бақтияр­ұлы, Мәжіліс депутаты Б.Ма­мы­раев, Қазақстан заңгерлері одағы­ның төрағасы С.Ақылбай, Қазақ­стан Жазушылар одағының төра­ғасы Ұ.Есдәулет, «Қазақстан ба­ры­сы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы А.Шораев, Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Қ.Тұрған­құлов, «Егемен Қазақстан» респуб­ли­калық газеті АҚ басқарма төра­ғасы Д.Қыдырәлі және басқа да қоғам белсенділері қоғамдық ко­миссияның төрағалығына ұсыныл­ған Парламент Сенатының депута­ты Мұрат Бақтиярұлын бірауыздан қолдады.

Жиында «Отандастар қоры» пре­зидентінің кеңесшісі Мағауия Сар­басов қор қызметінің негізгі ба­ғыттары туралы айтты. Ол сон­дай-ақ қордың келешектегі мақсат-міндеттерін таныстырып, ұйым қыз­метінің жалпы ұстанымы мен жоба-жоспарларына қысқаша тоқ­талды.

Отырысқа қатысушылар қор­дың негізгі міндеттеріне қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін біл­діріп, алдағы жұмысына сәттілік ті­леді. Шара соңында қоғамдық ко­миссияның 2019 жылға арналған жұ­мыс жоспары мақұлданды.

 
Тегтер: «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына»«Отандастар қорының» жұмысы талқыландыЕлбасышара
Алдыңғы жаңалық

Қаруды таратпау тәртібіне қауіп төнді

Келесі жаңалық

Қайырымды жандар баспана сыйлады

Ұқсас жаңалықтар

хатшы
Жаңалықтар

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды

Қаңтар 16, 2021
өзгеріс
Саясат

Өзгерістер кезеңі өрістейді

Қаңтар 16, 2021
Президент
Саясат

Президент фракция басшыларымен кездесті

Қаңтар 16, 2021
Жүйелі жаңғыру жалғасады
Саясат

Жүйелі жаңғыру жалғасады

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 16:16

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 15:44

Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Қаңтар 18, 15:28

Қаламгер Ғабит Мүсіреп Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Қаңтар 18, 14:52

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 14:27

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 14:11

20 қаңтардан бастап бір өңірде карантин күшейтіледі

Қаңтар 18, 13:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

халыққа қызмет көрсету орталығы, астана, жұмыс кестесі

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 2021
Мейрамбек Бесбаев, коронавирус, ауру, әнші

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»