Ағзадағы D дәруменін бақылау арқылы вирустың алдын алуға болады
Ағзадағы D дәруменін бақылау арқылы вирустың алдын алуға болады
© газета.ру
5,138
оқылды
АҚШ-тың Иллинойс штатының ғалымдары коронавирустан болып жатқан өлім-жітім көрсеткіші мен D дәруменінің жеткіліксіздігі арасындағы байланысты анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Ғалымдардың зерттеуінше, Италия, Испания және Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың барлығында дерлік D дәрумені жеткіліксіз болған. "Біз жүргізген сараптама D дәруменінің деңгейін бақылаған адамдардың коронавирустан қайтыс болмайды деген пікірге келді. Бұл өлім көрсеткішін жартысына болса да азайтады. D дәруменін бақылау арқылы дерттің асқынуын және өлімнің алдын алу мүмкін болады", - дейді америкалық ғалымдар.