Бас қаланың автобустарында жаңа тариф іске қосылады
Бас қаланың автобустарында жаңа тариф іске қосылады
©elorda.info
139
оқылды
Елордада карантин режимі аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа тарифі іске қосылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «City Transportation Systems» компаниясынан мәлім еткендей, қоғамдық көлік жұмысының жандануы бойынша шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайды. Бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілгеннен кейін жолаушыларға жаңа қосымша тарифтер қолжетімді болады: - 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда автобустарда тегін жүреді. - Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұратын жеңілдігі бар көлік картасының пайдаланушылары қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін қатынайды. - «Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланатын азаматтар тек қала маңына қатынайтын бағдарларда жүре алады. Еске салайық, биылғы 28 наурыздан бастап елордада кәмелетке толмаған барлық бала қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жүретіні жарияланған болатын. Сондай-ақ бір автобустан екіншісіне бір сағат ішінде тегін ауысып отыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурыздан бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыз күні Нұр-Сұлтан аласы карантинге жабылды. Қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпаратты «City Transportation Systems» компаниясының Facebook және Instagram-дағы парақшаларынан біліп отыруға болады.