Анна Нұрмұхамбетова, Алексей Полтараниндер спорттан шеттетілді
Анна Нұрмұхамбетова, Алексей Полтараниндер спорттан шеттетілді
Фото: Интернеттен алынды
5,137
оқылды
Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданған және жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады, –деп хабарлайды Olympic.kz. 2020 жылдың басынан бері тыйым салынған дәрі-дәрмектер пайдаланған 11 атлет анықталды. Оның ішінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар. Оның сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стериод Орал-Туринабол табылып, спортшы төрт жылға жарыстан шеттетілді. Сондай-ақ, шаңғышы Алексей Полтаранинге қатысты шешім қабылданды. Ол 01.03.2019 жылдан 01.03.2023 жылға дейін үлкен спорттан сырт қалады. Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар қатарында Азия ойындарының қатысушысы Любовь Ушакова, 2019 жылғы Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері, тректегі велоспорттан Гран-при турнирінің жүлдегері Роман Василенков, волейболдан Қазақстан командасының мүшесі Антон Кузнецов және хоккейші Владислав Никифиров бар. Олардың барлығы екі жылдан 4 жылға дейін спорттан шеттетілді.