Нұр-Сұлтанның төңірегіндегі елді мекендерге жаңа жолдар салынады
Нұр-Сұлтанның төңірегіндегі елді мекендерге жаңа жолдар салынады
Фото: Интернеттен алынды
Биыл Нұр-Сұлтанда жалпы ұзындығы 100 шақырымнан асатын 150 жол салынады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым 150 көше жөнделіп, кейбірі жаңадан салынады. Оның 100 көшесі елді мекендерге тиесілі. Елорданың 50 магистральды көшесіндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биыл көлік ағынын жеңілдетіп, жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі. 2020 жылы елді мекендерде 60 шақырым 100 көше жөнделіп, кейбірі жаңадан салынады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол жұмыстарына 1,5 адам қатысып жатыр. Жалпы, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.