Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданының халқымен кездесті.
Топан судан зардап шеккен тұрғындармен жүздесу кезінде мақтааралдықтарға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры бөлген қаржыдан әр отбасыға 1000 доллардан үлестірді.
Otyrar.kz-тің жазуынша, мұндай көмек 5202 отбасының жеке есепшотына аударылады. Құжат мәселесі реттелген соң, тұрғындардың жеке есепшотына қаржы түседі.
[caption id="attachment_42566" align="alignnone" width="696"]