Карантинде коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгені нақты кімдер алатыны енді белгілі болды
Карантинде коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгені нақты кімдер алатыны енді белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлем кімдерге жасалатынын жариялады. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы)» деп хабарлайды ведомство. Министрліктің хабарлауынша, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген: Атап айтқанда: 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 4) көп балалы отбасылар; 5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер; 6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.