Бауыржан Байбек: Мақтааралға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
Бауыржан Байбек: Мақтааралға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Партия су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген. Ал Jas Otan волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.     width= «Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шекккен тұрғындары толықтай жаңа немесе жөнделген тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әрбір адам республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден алады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік қолдау шараларына қосымша Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті. Jas Otan волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр. Өңірлердегі партияластарымыз бен белсенділерімізге жұртшылыққа жедел қолдау көрсетуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Әсіресе, партиямыздың жастар қанатының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бірлік, ынтымақ және өзара көмек қолын созу секілді қасиеттер тап осындай қиын-қыстау сәттерде көрінеді», – деп жазды Бауыржан Байбек.   https://www.instagram.com/p/CACGtAPpaQx/ Сондай-ақ, ол жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Nur Otan партиясы мен Birgemiz қоры қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын тілге тиек етті. «Бүгінгі күнге дейін 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеті мен антисептикалық құралдар алды. Бұған қоса 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді. 360 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлеммен қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн қазақстандықты қамтиды», – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.