Биолог COVID-19 тесті неліктен жалған нәтиже көрсететінін айтты
Биолог COVID-19 тесті неліктен жалған нәтиже көрсететінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
126
оқылды
Коронавирусты анықтауға арналған тест коронавирустың барлық кезеңдерінде қате нәтиже көрсетуі мүмкін, – деп жазады 24.kz. Телеарнаның хабарлауынша, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова аурудың бірінші кезеңінде дерттің белгілері болмаса да, вирус көбейеді. Ал оның тасымалдаушысы инфекцияны тарататынын айтып отыр. «Науқастардың 40%-ы коронавирусты ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардан жұқтырады. Бірінші кезеңнен кейін ауру белгілері байқала бастайды. Алайда кейбір адамдарда ауру бірінші сатыдан өтпейді», –дейді маман. Биологтың айтуынша, бірінші кезеңде вирустың басылуы ағзаның табиғи қорғаныс жүйесін құратын интерферондардың әсерінен болады. Ол вирусты антиденелерсіз-ақ жеңе алады. Сондықтан коронавирус жұқтырған адамда коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже беруі мүмкін. Екінші кезеңде: дене қызуы және жөтел, содан кейін тыныс алу қиындауы мүмкін. Бұл кезеңде вирус әлі де көбейеді. Коронавирусты емдейтін вирусқа қарсы препараттарды қолданған жөн. Сонымен қатар ағза қосымша қорғанысты іске қосады. Екінші кезеңнің ортасында ол антиденелер шығара бастайды.
«Ауру кейбір адамдарда екінші кезеңмен де тоқтап қалуы мүмкін. Ол кезде ауру одан ауыр жағдайға ауыспайды. Бұл кезеңде вирус антиденелерден жеңіліп, мұндай жағдайда тест жалған теріс нәтиже көрсетуі мүмкін», – дейді Баранова.
Ол үшінші кезеңнің өте ауыр өтетінін айтып өтті. Көбінесе, осы кезеңде науқастар өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғысына қосылады. «Үшінші кезеңде вирус әлдеқайда аз деңгейде көбейеді. Бұл кезеңде сауығып кету адам ағзасының тұрақтылығына байланысты болады», – деп түйіндеді маман.