Саябақта қырылған көгершіндер хлордан уланбаған – сараптама қорытындысы
Саябақта қырылған көгершіндер хлордан уланбаған – сараптама қорытындысы
Фото: Ерқанат Тұрсынжанұлы
175
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалуының себебін анықтады. Қалалық әкімдіктің Tengrinews.kz-ке берген жауабында мамандар құстар уланбаған деген қорытынды шығарған. «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесінің қорытындысына сәйкес, көгершіндерден: құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, орбитоз, хламидиоз, пастериоз сияқты инфекциялық аурулар анықталмады. Құстардың ағзасынан ауыр металдар, хлор табылмады. Тексергенде құстардың асқазаны бос екені белгілі болған. Алматы әкімдігінің ресми жауабында: «Ветеринарлық зертхананың құстар уланбаған деген қорытындысына, оның ішінде хлормен уланбағанына қарамастан, барлық мердігер ұйымның дезинфекциялық құралдарының құрамы тексерілді. Барлық құрал стандартқа сәйкес болып шықты және адамдар мен жануарларға еш зияны жоқ» делінген. Айта кетейік, 25 наурызда әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында қырылған құстардың видеосы пайда болған еді.