Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткіге тәуелділер 5,3 пайызға өсті

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Мамыр 11, 2020
Жамбыл облысында есірткіге тәуелділер 5,3 пайызға өсті 1
56
қаралым

Жамбыл облысында есірткіге тәуелділік күн санап артып барады. Өткен жылғы көрсеткіш өзекті өртесе, биыл тәуелділік тағы 5,3 пайызға артқан. Бұл жайында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Меркі ауданында өткен көшпелі кеңесте айтылды.

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың айтуынша, есірткі бизнесі қоғамның дамуына едәуір кері әсерін тигізіп, қылмыс пен зорлық-зомбылықтың өсуіне ықпал етіп жатыр екен. Есірткіге тәуелділердің саны жыл сайын көбеюде десек, ағымдағы жылы оның 5,3 пайызға артқаны тағы алаңдатуда.

Жабайы сораның ауқымды аумақта өсуі есірткі бизнесінің өршуіне сеп болуда. Бұл күрес жұмыстарын күшейтуді талап ететіндігін айтпасақ та түсінікті.

Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков екі эксперименттік алқапта сораға қарсы жаңа улы химикаттарды сынап жатқандықтарын айтады. Алайда кең көлемде пайдалану үшін оның адамдар мен малға зиянсыздығы туралы экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы қажет.

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков бұл орайда жер жыртудың тиімсіздігін слайдттар арқылы көрсетіп, қопсытылған аумақта құрамында есірткі бар шөптер тіпті қаулап өсе түсетінін тілге тиек етті.

Тараптарды тыңдаған облыс әкімі жұмысты жүйелей түсу үшін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарлама қабылдау қажеттігін жеткізді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау және арнайы органдар, сондай-ақ басқа да мүдделі орындар арасында бірлескен шаралар әзірленбек.

– Есірткі бизнесіне қарсы күресте жауапты құрылымдардың бірлесе жұмыс істеуі әлі де кемшін соғуда. Есірткінің әсіресе жастар арасында таралуы – біздің ортақ қасіретіміз, сондықтан оны бірге жеңуге міндеттіміз. Мен атты патрульдер санын арттыруды қолдаймын, «Көкнәр – 2020» операциясы жоғары деңгейде өтуі керек. Есірткі дайындауға және таратуға қатаң тосқауыл қою қажет. Қырғыз Республикасымен шекарадағы бекеттерде бақылауды күшейтіп, материалдық-техникалық базасын нығайтуды талап етемін, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Саятхан Сатылғанов,
Жамбыл облысы.

Тегтер: есірткіЖамбыл облысыкөкнәр
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу рәсімі өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

"Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты": куәгер бес жасар баланың мәйітін қоқыстан қалай тапқанын айтты

Демалыс күндері елімізде 2 градус үсік жүреді

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»