Нұр-Сұлтанда карантин режимі жойылған жоқ

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жойылған жоқ

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жойылған жоқ, деп хабарлады елорда әкімдігі жанындағы Шұғыл штаб.

Нұр-Сұлтанға сырттан кіру шектелген, тек қаланың тіршілігіне маңызды мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар ғана қалаға кіре алады. Қызметкерлердің тізімін Ақмола облысының аудан әкімдері ұсынды, - делінген хабарламада.
Бұған қоса, қажетті өнімдер төтенше жағдай мен карантиннің бүкіл кезеңіндегідей қазір де қалаға санитарлық нормаларға сәйкес ешқандай кедергісіз жеткізілуде. Әкімдікте айтылғандай, 11 мамырда төтенше жағдайдың жойылғанына қарамастан, елорда бұрынғы карантиндік режимді сақтай беретін болады. Қаланың әр шетіне орналасқан барлық блокпостар бұрынғы қарқынды режимде жұмыс істей береді. Карантин режимін бұзғандар үшін жауапкершілік қарастырылған.