Қазақстанда балабақшалардың жұмысы жанданады

Қазақстанда балабақшалардың жұмысы жанданады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимі кезінде балабақшалардың жұмыс тәртібі қалай болатынын айтты. «Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласыныда жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады. «Орта есеппен бір балабақшада 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр балабақшада 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», - деді Ералы Тоғжанов.