Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бәрі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты.
"Карантин шараларының негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады деп ойлап отырмыз, осы жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алады. Жыл қорытындысы бойынша, жұмыссыз деңгейі 5,9 пайыз болуы мүмкін, ТЖ режиміне дейін ол 4,5 пайыз болған", - деді министр брифингте.
"Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесі күрделене түседі. Соған қарамастан, біз, әрине, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде болжам жасадық", - деді Нұрымбетов.