12 мамырда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қатынай бастайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макен хабарлады.
Мемлекет басшысы адамдарды жетер жеріне жеткізу мәселесін біртіндеп шешуді, жалпы алғанда, қоғамдық көліктер жұмысын жандандыру жайын баса атап өтті. Ертеңнен бастап біз қоғамдық көліктерді қатарға қосу бойынша жұмысты қолға алып, оны толықтай қалпына келтіреміз, - деді Макен.Ол қатарға қосылатын қоғамдық көлік маршруттары туралы қосымша ақпарат кейінірек берілетіндігін атап өтті.