Қарағанды еріктілері 13 мыңнан астам отбасына азық-түлік пен гигиена құралдарын таратты
Қарағанды еріктілері 13 мыңнан астам отбасына азық-түлік пен гигиена құралдарын таратты
194
оқылды
Қарағанды еріктілері мен кәсіпкерлері төтенше жағдай кезінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және басқа да аса мұқтаж санаттағы тұрғындарға 106,8 тонна азық-түлік және гигиена құралдарын таратты. 15 наурыздан 6 мамырға дейінгі аралықта еріктілер 698 қайырымдылық акциясын өткізді. Олар 13 663 отбасына немесе 49 891 адамға 42,8 млн теңгеден астам қаражат мөлшерінде көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясына кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, сондай-ақ Қарағанды облысының тұрғындары белсенді қатысты. Мысалы, «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды автоәуесқойлар клубы, Vogue мейрамханасы, «Жанель» дәмханасы, «Жандос» ЖК және басқа да көптеген адамдар мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Волонтерлер, кәсіпорындар мен көмек көрсеткісі келетіндер осы қиын уақытта өңір тұрғындарына бірнеше рет бетперде таратты. Осылайша, 43 836 дана маска жасалды. Сондай-ақ, Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындарына көмек ретінде қарағандылық волонтерлер гуманитарлық жүк жіберді, ал жас жезқазғандықтар 2 күн ішінде зардап шеккендер үшін 10 млн теңгеден астам қаражат жинады.