Илон Маск Қазақстанда электр бекеттерін ашады
Илон Маск Қазақстанда электр бекеттерін ашады
173
оқылды

2019 жылы Қазақстанда Tesla-ның электр бекеттері (supercharger) мен сервис орталықтары ашылады. Бұл туралы Tesla компаниясының басшысы Илон Маск твиттер парақшасында жазды.

Tesla Supercharger – электрокар батареясын жылдам қуаттандыруға арналған электр станциясы. Қазір әлемде 1260 Tesla станциясы жұмыс істейді. Қазақстанда алғашқы суперчарджер 2017 жылы Алматыда ашылып, бір жылдан кейін көрші нысанда шыққан өрттеп зақымданған. 2019 жылы наурызда суперчарджер қайта қалпына келтірілген. Биыл наурыз айында  Лос-Анджелесте өткен Tesla Model Y электрокарының таныстырылымында Илон Маск Қазақстанда суперчарджерлер ашатынын айтқан.