Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығында заңсыз балық аулағандар ұсталды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, 6 мамыр күні Қорғалжын аудандық табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік табиғи қорықтың жұмысшылары қорық аумағында браконьерлердің заңсыз балық аулап жүргенін анықтады. Күдіктілер 39 және 51 жастағы жергілікті тұрғындар, моно ау арқылы балық аулаған. Олардан ауланған су жануарлары, қайық, ау тәркіленіп, келтірілген шығын көлемі анықталуда.
«Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департаменттен.