Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Қазақстанда дауыл соғады
Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Қазақстанда дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
131
оқылды
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, кейбір өңірлерде екпінді жел, дауыл, тұман, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде. Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Атырау облысы, таңертең және күндіз Қызылорда облысы, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.