Алғабастан табылған бас сүйек пен қару-жарақ қай ғасырға жататынын мамандар анықтайды
Алғабастан табылған бас сүйек пен қару-жарақ қай ғасырға жататынын мамандар анықтайды
Фото: Дереккөзден алынды
320
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылының тұрғыны Талғат Жұмазов үйінің ауласын қазғанда адамның бас сүйегі, қылыш пен бес жебенің ұшы шыққан. «ҚазАқпараттың» жазуынша, қылыш тот басып, жебенің ұшы мүжіліп, көгерген. Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың айтуынша, адамның бас сүйегі мен жәдігерлердің қай ғасырға жататынын анықтау мақсатында облыстық тарих және археология орталығынан мамандар шақыртылды.   жәдігер, қылыш, бас сүйек, Алғабас,   «Сырым ауданында тарихи орындар баршылық. Соның ішінде ел бастаған көсем, қол бастаған батыр Сырым Датұлы ту іліп, қарауыл қойған әйгілі «Сырым шыққан төбе» Аралтөбе ауылынан алыс емес. Сондай-ақ Жұмағазы қазірет – «Дәдем ата» кешенінде Ерсары Аңқаты өзенінің жағасында Сырымның аталас ағайыны Ерсары батыр Бекетайұлы да жерленген. Бұл осы маңда талай ұрыстың өткенін айғақтайды. Сонымен бірге қылыш пен жебе ұшының одан да көне дәуірге тиесілі болуы ғажап емес. Оны айқындау археолог ғалымдардың еншісінде», – дейді әкімнің орынбасары.