Қоғамдық көлікпен жүретін жолаушыларға қандай талап қойылады?
Қоғамдық көлікпен жүретін жолаушыларға қандай талап қойылады?
Фото: Интернеттен алынды
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік жұмысы қайта басталады. Автобустар таңғы жетіден кешкі 9-ға дейін жүреді. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті. Яғни бетперде мен қолғап киеді. Өздерімен бірге антисептик алып жүруі тиіс. Жолаушыларға да талап сондай. Тұрғындар автобусқа әдеттегідей алдыңғы есіктен отырып, ортаңғы және артқы есіктен түседі. Жол ақысы мобильді қосымшалар мен банктік төлемдер, сондай-ақ SMS, QR код арқылы төленеді. City Transportation Systems басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов: «Біз тұрғындарға карантин талаптарын сақтау қажеттігін ескертеміз. Автобусқа кірген кезде міндетті түрде бетперде тағып, арақашықтықты сақтағаны жөн. Бұл ең алдымен өз денсаулығы үшін және өзге де жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қажет. Ал зейнеткерлерге таңертең және кешкі мезгілде болатын қарбалас сәтте аса бір қажеттілік болмаса, қоғамдық көліктерге отырмауға кеңес береміз. Бұл балаларға да қатысты. Ал мекемелер жұмыстың басталуы мен аяқталуына қатысты кесте жасаса, автобустарда аса кісі көп болмайды, яғни қалыпты деңгей сақталады деп сенеміз», – дейді.