Солтүстікқазақстандықтар Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қолдау көрсетті. Гуманитарлық көмекті жинауға облыстық әкімдік, Nur Otan партиясы, мемлекеттік ұйымдар, «Солтүстік» ӘКК өкілдері, депутаттар мен кәсіпкерлер атсалысты.
Шара барысында 20 тонна азық-түлік, оның ішінде 14 тонна ұн, 5 тонна картоп және 1 тонна макарон өнімдері аталан өңірге арнайы фурамен жіберілді.
– Біз отандастарымызға әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Қиын сәтте қол үшін беру арқылы бір-юірімізге қорған бола аламыз. Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін, азық-түлік жинау жедел ұйымдастырылды, – деп атап өтті СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
[caption id="attachment_42906" align="alignnone" width="1280"]