Мақтааралға жеткен көмек
Мақтааралға жеткен көмек
388
оқылды
Мақтааралдағы төтенше жағдай қалыпқа түсіп келеді. Ең бастысы, қауіп сейілді. Бүгінде Мемлекет бас­шысының тап­сырмасы бойынша Үкімет, облыс бас­шы­лары жағ­дай­ды басты назарда ұстап, тұрғындарға көмек көрсету, жағ­дай жасау жұмыстары жалғасын табуда. Төтенше жағ­дай кезінде құрылған штаб күні-түні жұмыс істеп жатыр. Әрине, алда атқарылар қыруар істер өте көп. Өткен аптада aikyn  газетінің Түркістан облысындағы тілшісі су тас­қыны болған аймаққа арнайы барып, жағдайды көзбен кө­ріп, саралап қайтты. Осы тұрғыда, ең алдымен Мақ­­тааралдағы төтенше жағ­дай бойынша атқарылып жат­қан қазіргі жұмыстарға аз-кем тоқ­талып өтейік. Облыс әкімі Өмір­зақ Шөкеев бастаған команда күн-түн демей жұмыла кірісіп, жағ­дайды реттеуге күш салып жа­тыр. Нәтиже жаман емес. Бұл мә­селеде Өзбекстан мемлекеті де  көмек беріп жатыр. Қазіргі таңда судың дең­гейі тө­мендеуде. Өргебас, Нұр­лы жол, Фир­доуси, Жеңіс ел­дімекендерінде су сору жұмыстары жалғасуда. Қор­ғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ТЖД мен Полиция департа­мен­тінен 1 365 адам жұмыс ат­қару­да. Мәселен, 75 мотопомпа су сору жұмыстарында, 44 қайық су басқан елді мекендерде тұр­ғындардың үйлерінен зат­та­рын тасу жұмыстарына жұмыл­ды­рыл­ған. Нұрлыжол, Фирдоуси, Өр­ге­бас, Ырысты, Жантақсай ауыл­дарының аумағында ұзындығы 21 ша­қырымды құрайтын уақытша бө­геттер тұрғызылып, құм толы 85 300 мөшек төселді. 80 техника жұ­мылдырылды. 3 коллектор ор­на­тылды. Бұл жұмыстарға ІІМ-нен 86 адам, 16 техника, 63 мотопомпа жә­не Өзбекстаннан келген 140 адам, 14 техника, 58 мотопомпа жұ­­­­мылдырылды. Апаттан құтқару жұмыс­тары­на жалпы 1 598 адам, 292 техника, 15 қайық, 160 мотопомпа тартыл­ды.  

ШЫҒЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Мақтаарал ауданында 11 ел­ді мекеннің жалпы көлемі – 7 639 гек­тар (егістіктің шығыны 4 млрд 1 млн теңге көлемінде) ауыл шаруашылығы жерлері за­­­­қым­данған. Ал мал шығыны 297 (58 бас сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жыл­­қы, 2 түйе және 227 үй құс­тары суға аққан. Нарықтағы баға бойын­ша 32 млн теңге шығын) бол­ды. Барлық шығын есептеліп, Үкі­метке ұсынылды. Алдағы уа­­қытта өтемақы жасалатын бола­ды. Атап айтқанда, жалпы 1 мың­нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімі жа­сақ­талды. Комиссия шешімі бойын­ша әр дақыл түріне орай өте­мақы беріледі. Nur Otan партиясы ауданға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді.    width=

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ

«Ең бірінші байлық – ден­­­сау­­лық» демекші, қазір тө­тен­­ше жағдайға тап болған мақ­таарал­дықтардың денсаулығы бас­ты назарда тұр. Айталық, көр­шілес аудандардан, яғни Са­рыағаш, Келес, Шардара, Же­тісай аудан­да­рының орталық ау­­­­ру­ханасы жә­не облыстық же­­дел жәр­дем ме­дициналық ста­н­­са­сы­ның 147 ма­­ма­ны қо­­­сымша көмекке тар­­ты­лып, эва­куациялық ор­та­­­лық­тар­дағы азаматтардың ден­сау­лы­­­ғын бақылау жұмыстарына ат­­­­салысуда. Олардың 58-і – дә­­­рі­­гер, 89-ы – орта буын ме­ди­­­ци­на қызметкерлері. 10 эва­куа­ция­лық дәрігер мен мед­би­ке­лер 24 сағат бойы азаматтарға қыз­мет көрсетуде. Көршілес ау­дан­дардан қызметкерлерден бө­лек, қосымша көмек ретінде 17 ме­­­дициналық көлік тартылды. Сондай-ақ адамдар арасында ко­­ронавирус індетінің таралуын бол­дырмау мақсатында барлық тиіс­ті шаралар да қолға алынған.  

БАСТЫ МӘСЕЛЕ – БАСПАНА

Премьер-Министр Асқар Ма­мин Түркістан облысы Мақтаарал ау­даны Мырзакент кентінде Өз­бек­стан Рес­публикасының пре­мьер-ми­нистрі Абдулла Ари­пов­пен кез­десу өткізді. Үкімет басшылары Мақ­таарал ауданының су басқан ау­­­мақтарын аралап көрді. Сон­дай-ақ Жаңажол ауылдық ок­ру­гінің Нұрлыжол, Өргебас және Фир­доуси ауылдарында болып, су тас­қыны салдарын жою аясында жүр­гізіліп жатқан жұмыстармен та­нысты. Мақтаарал ауданының әкім­ші­лік орталығы Мырзакент ауы­­лында Үкімет басшылары жаңа шағын ауданның құрылыс жос­па­рымен танысып, алғашқы тұр­­ғын үйлердің іргетасын қа­­лау рә­сіміне қатысты тұр­ғын­дар­мен кездесу өткізді. Бар­лығы Мыр­­закент кентінде су тас­қы­нының салдарынан зардап шек­­кен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Дос­тық елді мекендерінен 500 от­басы үшін жеке тұрғын үй­лер, мектептер, балабақша мен фельд­­шерлік пункттер салу жос­­парланып отыр. Құрылыс жұ­­мыстарын Қазақстан және Өз­бекстан мамандары бірлесіп жүр­гізетін болады.  

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ...

Түркістан облыстық Қоғам­дық даму басқармасының бас­шы­сы Дамир Жүнісов және Nur Otan партиясы облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Бейсен Тәжібаев Мақтаарал ауданында жұмыс іс­теп жүрген 500 еріктімен кездесті. Ерік­тілер­дің 150-ге жуығы тұрақты түр­де кө­мек көрсетіп келеді. Ауданда орын алған төтенше жағ­дайға байланысты облыстық Қо­ғамдық даму басқармасы мен Nur Otan партиясы облыстық фи­лиалының ұйымдастыруымен Жастар орталығының жанынан «Бір­геміз, Мақтаарал» волон­тер­лар штабы құрылған. Ерік­­­­­ті­лер Жамбыл ауылдық окру­гін­дегі №36 жалпы орта мектебіне жай­ғастырылып, олардың жұмыс іс­теуіне қолайлы жағдай жасалған. Олар тасқын суда қалған ауыл аза­маттарын эвакуациялық бе­­кет­терге орналастыру, гума­ни­тар­лық көмекке келген тауарды та­сымалдау, мұқтаж азаматтарға үлес­тіру сияқты шаруаларды ат­қару­да. Бұдан бөлек, Шымкент, Нұр-Сұл­тан, Алматы қалаларының жас­тары мен волонтерлық ұйым­дардан, республикалық Jas Otan Жастар қанатынан гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Бүгінгі таң­да волонтерлер күшімен 10 мың­нан астам медициналық бет­перде мен антисептикалық құ­рал таратылды.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы