Дәрігерлерге әлемнің кез келген аймағына бару үшін 100 мың тегін билет таратылады
Дәрігерлерге әлемнің кез келген аймағына бару үшін 100 мың тегін билет таратылады
Фото: Интернеттен алынды
Qatar Airways әуе компаниясы COVID-19 пандемиясымен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде ұшаққа мінуге 100 000 тегін билет сыйлайды, – деп жазады «ҚазАқпарат». Бұл бірегей акция 12 мамыр күні басталып, 18 мамырда, Доха уақытымен сағат 23:59-да аяқталады. Медицина саласының қызметкерлері qatarairways.com/ThankYouHeroes компаниясының сайтында тіркеліп, кезек тәртібінде берілетін промо-кодты алу үшін арнайы үлгіні толтыруы тиіс. Билетті әлемнің кез келген елінде тұратын медициналық қызметкерлер алуға құқылы. Алу әділ болу үшін әрбір ел 12-18 мамыр аралығында тұрғындар санына байланысты билеттердің белгілі бір санын алады. Промо-код алған медициналық қызметкерлер әуе компаниясы ұшатын кез келген нүктеге екі адам – өзі және серігіне барып-келуге мүмкіндік беретін эконом кластағы екі тегін билет ала алады. Билеттер 26 мамырға дейін брондалуы тиіс. Оны 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін пайдалануға болады.