Мұнайлы аймақтан Мақтааралға – 15 миллион
Мұнайлы аймақтан Мақтааралға – 15 миллион
124
оқылды
Қиындыққа тап келген Мақтааралға еліміздің көп­­­теген аймағынан гу­ма­­ни­­тарлық көмек беріліп жатыр.  Мұнайлы мекен – Атыраудан да Мақтаарал ауданына ал­ғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Атырау халқы жинаған 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмек  Түркістан облысына аттанды. Жолға 6 ауыр жүк көлігі, 20 га­зель және 2 жеңіл машина шықты. Сонымен қатар Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты барлық жеті аудан халқы жи­наған 15 миллион теңгедей қа­­ражат Мақтаарал халқына беріледі. «Бұйырса екі тәулік ша­ма­сында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жет­кіземіз. Талай қиындықты хал­қымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге еңсереміз. Біз біргеміз!» – дейді ұйымдастырушылар. Қазіргі кезде тағы екі көлік жолға  дайындалып жатыр. Бұл көмектен өзге Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету үшін ашылған арнайы қорға аты­раулықтар тарапынан қар­­жы жиналып жатыр. Бұл адам­гершілік атты игі істі жал­ғаған қазақ халқының ба­ба­лардан жеткен айрықша қасиеті.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы