Дүкенде түбіртек бермегенін хабарлаған адамға cыйақы береді
Дүкенде түбіртек бермегенін хабарлаған адамға cыйақы береді
Фото: Интернеттен алынды
243
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясын бастады. Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады. App Store немесе Play market-тен Wipon мобильді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеген фактілер туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермегені расталған жағдайда телефонына 1000 бірлік (1000 теңге) сыйақы алуға болады. Былтыр акция барысында 940 дерек расталды. Оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заңбұзушылыққа төзбейтінін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы